"Осыншама аз жаза алғаны жүрекке батады": Жеті баланың анасы қайтыс болды, балалар әкесінің жазасын ауырлатуын қалайды

03.07.2025 13:26
0
903
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: Orda.kz)

Анасының өліміне қатысты үкімге балалар наразы

Шымкентте жеті баланың анасы Шолпан Ақмырзының өліміне қатысты үкім шықты. Қайғылы оқиға 2025 жылдың 5 ақпанында болған. Сот бұл істі «өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қарап, марқұмның бұрынғы күйеуін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда балалар бұл шешіммен келіспей отыр. Олар сот үкімін әділетсіз деп санайды және істі Қылмыстық кодекстің 99-бабы - «Кісі өлтіру» бойынша қайта қарауды талап етуде. Марқұмның балаларының айтуынша, шешелерінің өліміне байланысты барлық жайттар мен куәліктер ескерілмеген. Олар істі қайта тергеп, толық және әділ тергеу жүргізуді сұрап отыр. Бұл іс қоғамда да үлкен резонанс тудырды. Жеті баласын жалғыз өсіріп келген ананың қазасы, оның өліміне байланысты соттың жеңіл үкімі — қоғамда ашу мен сұрақ туындатуда. Балалар тек шындықты және әділеттілікті талап етуде.

Дереккөз: SHYNDYK

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий