«Ойнағым келген»: Ер адам гидравликалық қысқышпен әріптесінің басын қысып өлтірді

28.08.2026 14:28 Мөлдір ҚАЙНАР
«Ойнағым келген»: Ер адам гидравликалық қысқышпен әріптесінің басын қысып өлтірді
91
Фото: avito.ru

АҚШ-тың Миннесота штатында ағаш кесу кезінде гидравликалық қысқышпен (захват) әріптесінің басын абайсызда қысып өлтірген 34 жастағы Кристофер Бун Кримминске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға Эппл-Вэлли қаласында жұмыс барысында орын алған. Жердегі кранның және 26 жастағы әріптесі Тайлер Энтони Линчтің көлеңкесін көрген оператор тетіктермен ойнап көрмек болған.

«Мен гидравликалық қысқыштың көлеңкесі оның басын ұстап тұрғандай әсер қалдырғым келді. Оны қысып қалғанша қысқыштың шынымен қай жерде тұрғанын аңғармай қалдым», – деді Кримминс өз жауабында.

Оператор тек жердегі көлеңкеге қарап, техниканың әріптесіне тым жақындап кеткенін байқамай қалған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жас жігіттің ауыр бас жарақатынан сол жерде көз жұмғанын растады.

Бригадада кран басқаруға рұқсаты бар жалғыз маман болған Кримминс «Абайсызда адам өлтіру» бабы бойынша айыпталуда. Оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Келесі сот отырысы 10 қыркүйекке белгіленді.

Войдите, чтобы оставить комментарий