"Өз арманымды орындаймын": Гүлзира Айдарбекова ел күтпеген жаңалығын бөлісті

19.12.2025 19:30 Берік Арманов Берік Арманов
0
158
Фото: gulziraaidarbekova

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова көптен күткен арманын жүзеге асырды. Ол «Zira» атты жеке брендімен нарыққа экологиялық таза өнімдерін ұсынбақ, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа бренд аясында ағзаны тазартуға арналған шөп шайы, витаминдер кешені, сусабын мен кондиционер, сондай-ақ сабын шығарылады. Өнімдердің барлығы табиғи құрамнан жасалған.

Атап айтқанда, 22 түрлі шөптен тұратын шай бауыр мен жүрек жұмысына, ұйқының жақсаруына оң әсер етеді. Ал витаминдер кешені ағзаға қажетті пайдалы элементтерден құралған.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, өнімдер 6 ай бойы арнайы командамен дайындалып, бірнеше тексерістен өткен.

«Мені жақсы білесіздер, тексерілмеген өнімді ешқашан ұсынбаймын. Сондықтан өнімдерімнің сапасына күмәнданбасаңыздар болады.   Осы уақытқа дейін бар уақытымды ұлдарыма, отбасыма арнадым. Енді өз арманымды орындайтын сәт келгенін түсіндім», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, продюсер жаңа брендінің өнімдерін сатып алғандар арасында Алматы қаласынан пәтер, су жаңа автокөлік және қомақты ақшалай сыйлықтар ойнатылатынын да мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий