Өзбекстандық сарапшы Қазақстандағы саяси реформаларға баға берді

30.01.2026 13:26 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Өзбекстандық сарапшы Қазақстандағы саяси реформаларға баға берді
59
Фото: gazeta.uz

Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі өзгерту жолына түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы Өзбекстанның Стратегиялық реформалар агенттігі директорының бірінші орынбасары Абдулла Абдукадиров Kazinform агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Сарапшының сөзінше, көршілес ел Қазақстандағы саяси оқиғаларды жіті бақылап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы бастамалары халықаралық қауымдастықтың ерекше назарын аударды. Әсіресе вице-президент институтын енгізу және жоғары лауазымдарға тағайындалатын шенеуніктердің кандидатурасын Парламентпен келісу секілді ұсыныстар мемлекеттік басқару жүйесінің терең трансформациялауға бет алғанын айғақтайды. Дегенмен бұл бағытта әлі де нақтылауды қажет ететін тұстар бар. Атап айтқанда вице-президенттің міндеті мен қызмет бағыты қазіргі таңда айқындалу үстінде.

Сонымен қатар Абдулла Абдукадиров Мемлекет басшысының Халық Кеңесін құру бастамасына қатысты ой бөлісті. Оның пайымдауынша заңды күшке ие болатын аталған орган билік пен бұқара арасындағы алтын көпір қызметін атқарады. Ықпалды консультативтік кеңес пікір алмасудың негізгі алаңына айналуы тиіс. Құрылым құрамында тәжірибелі мамандардың болуы Парламенттің сарапшылар үніне құлақ асуына және маңызды мәселелерді жедел шешуіне мүмкіндік береді. Бұл бүкіл ұлт өкілдерінің басын біріктіретін және ашық ой айтылып нақты ұсыныс әзірленетін мінбер болмақ.

Айта кетейік, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында вице-президент қызметтің құзыреттері жайлы айтылған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий