Өзбекстанның бас бапкері Дычкодан 4 рет жеңілген Жалоловтың енді жеңетініне сенімді
988
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Иван Дычко мен Баходир Жалолов кәсіпқой бокста кездессе қалай болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Sports.kz.
Иван Дычко бабында тұрғанда біздің ауыр салмақтағы, болашағынан үміт күттіретін Жалоловты жеңіп жүрді. Ол кезде Баходир ересектер арасына енді қосылған болатын. Мен Дычкоға құрметпен қараймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Бірақ Жалолов қазір Дычкомен кездессе, оңай қарсылас болатыны сөзсіз. Боксты түсінетіндер Баходирдің қазіргі деңгейі қандай екенін жақсы біледі, - дейді Толқын Қылышев.Айта кетсек, кеше Иван Дычко 14 ай үзілістен кейін рингке оралып, америкалық Крейг Льюисті 2-раундта нокаутпен жеңген еді. Бұл – қостанайлық боксшының кәсіпқой бокстағы 14-жекпе-жегі. Оның бәрінде Дычко жеңіске жеткен және 13-і нокаутпен аяқталған. Ал әуесқой бокста Иван өзбекстандық қарсыласымен 4 рет кездесіп, барлығында басымдық танытқан. Фото: Александр Канивец
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...