«Өздерін қандас, оралман атап, осында келіп шу шығарып жүр»: желідегі бейтаныс әйелдің сөзі жұртты ашуландырды

«Өздерін қандас, оралман атап, осында келіп шу шығарып жүр»: желідегі бейтаныс әйелдің сөзі жұртты ашуландырды
10.09.2025 17:30
0
233
Скриншот видеодан алынды

Әлеуметтік желіде тікелей эфирден түсірілген бейнежазба тарады. Онда бір қазақстандық әйел қандастарға қарсы пікір айтқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Tiktok-тағы тікелей эфирдің біріне желі пайдаланушылары жиналып, әңгімелесіп отырған сәтте, қазақстандық бейтаныс әйел «оралмандар» деп, қандастар жайлы өз ойын айтқан. 


«Ондайлар айтады: қазақша сөйле, сен Қазақстандасың деп. Ал солардың өзі – қайдан қайтып келгені белгісіз, Қазақстанда ешқашан тұрмаған, КСРО-ны көрмеген, ата-анасын 30-жылдары алып кеткендер. Енді келіп өздерін қандас, оралман атап, осында келіп шу шығарып жүр. Қайдағы бір Қытайдан, Моңғолиядан неге келдіңдер, егер ол жақта жақсы тұрсаңдар?!» – дейді ол.

Аты-жөні белгісіз әйелдің бұл сөздері қазақстандықтарды ашуландырды. Желі қолданушылары құқық қорғау органдарын осы бейнегежазбаға назар аударуға шақырып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий