Жалақым кем дегенде 20 миллион болуы керек — Депутат Бақытжан Базарбек

Депутат Бақытжан Базарбек өзінің атқарып жүрген жұмысын 20 млн теңгеге бағалады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Үкімет үйінде депутат бір палаталы Парламент құруға қатысты пікір білдірді. Ол реформадан тек артықшылық көретінін жеткізді.
"Мен мүлде минус көріп тұрған жоқпын. Мұнда қаржы үнемдеу де бар, заңдарды қабылдау жылдамдығы да бар, бұл - заң шығару процесінің тиімділігі, плюрализм, саяси өмірге, сайлауларға қатысу мүмкіндігі", – деді Базарбек.
Парламентарийлердің жалақысы үнемделген қаржы есебінен көтерілетін-көтерілмейтіні туралы сұраққа депутат тек өз атынан жауап бере алатынын жеткізді. Сондай-ақ ол жалақысының кем дегенде 20 миллион болуы керек екенін айтты. Себебі ол сол ақшаға татитын жұмыс атқарып жүрмін дейді.
"Жеке өзім рөлімді орындаймын және жеке өзімнің жалақым, кем дегенде, 20 миллион болуы керек деп есептеймін. Өйткені мен 20 миллионға татитын жұмыс істеп жүрмін", – деді Базарбек.
Соңғы жаңалықтар





