Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
591
17 наурыз күні Астана халықаралық әуежайында қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Италияның Тесеро қаласында өткен XIV қысқы Паралимпиадада ол пара биатлоннан алтын, ал пара шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихында бір ойындарда екі жүлде алған алғашқы спортшы атанды.
Әуежайда спортшыны жақындары, жанкүйерлер мен спорт қауымдастығы қарсы алды. Оны Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арнайы құттықтап, бұл жетістікті ел спорты үшін тарихи нәтиже деп бағалады.
Шара барысында Ербол Хамитовқа демеушілер тарапынан Астанадан екі бөлмелі пәтер сертификаты табысталды.
Айта кетейік, Милан–Кортина Паралимпиадасы 6–15 наурыз аралығында өтіп, Қазақстан құрамасы 2 медальмен жалпы есепте 18-орынға тұрақтады.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды