«Пәтеріне басып кіріп, аямай соққыға жыққан»: Атырауда тараған видео елді шошытты

17.12.2025 11:01 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
«Пәтеріне басып кіріп, аямай соққыға жыққан»: Атырауда тараған видео елді шошытты
0
206
Фото: коллаж politico.kz

Атырауда әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қоғам назарын аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жергілікті пабликтердің бірінде танымал блогер өзіне бейтаныс қыз хабарласып, пәтер ішінде ер адамды ұрып-соғып жатқан сәт түсірілген видеоны жолдағанын мәлімдеген.

Блогер бұл жағдайды қылмыстық ортада «аю қақпаны» деп аталатын бопсалау схемасына ұқсатты. Оның айтуынша, видеода екі жігіттің ер адамды соққыға жығып жатқанын, ал үшінші адамның болған жайтты телефонға түсіріп тұрғаны көрінеді. Қыздың сөзінше, жәбірленуші «олардың сіңлісімен бірге ұсталды» деген желеумен соққыға жығылып, кейін өзін туыстар ретінде таныстырған адамдар ақша талап еткен.

Хабарласқан қыз мұндай жағдайдың бұған дейін де бірнеше рет қайталанғанын айтып, кейбір қатысушылар кәмелетке толмаған болуы мүмкін екенін де жеткізген. Алайда оның бұл оқиғадағы нақты рөлі әзірге белгісіз.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий