Павлодар әкімі жетістікке жету үшін қиын сынақтан өткенін айтты

07.01.2026 14:14 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Павлодар әкімі жетістікке жету үшін қиын сынақтан өткенін айтты
0
163
gov.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Threads желісінде сәбиінің тұсауын кесуге шақырған қолданушыға жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz

«Тұсау кесу – қазақ дәстүріндегі жауаты ырым. Мен қазір сіздер үшін сырттай жақсы азамат, әділ басшы болып көрінсем де, осы күнге жету үшін қиын баспалдақтармен жүріп өттім. Қадамын енді басқан балақайға біз көрген бейнетті бермесін. Әрине, ниетіңізді түсініп тұрмын. Алайда, тұсауды сіздердің жақын дос-туыстарыңыз, өмір  жолы көз алдарыңызда өтіп жатқан адамды қойған дұрыс деп ойлаймын», - деді ол.

Әкім сондай-ақ балапанға ақ тілегін де жеткізген.

«Балаңыздың лауазымды тұлға, үлгілі басшы болғанын қаласаңыз, Сіз де, біз де Алладан тілек етейік. Көпшіліктің дұғасы қабыл болады. Тәрбиесі мықты берілген бала әрқашан биік жетістікке жетеді. Қадамдарыңыз оңынан болсын!», - деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий