Павлодар облысында кәріз құдығында бірнеше адам көз жұмды

20.07.2026 15:22 Әсел МҰРАТ
Павлодар облысында кәріз құдығында бірнеше адам көз жұмды
588
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында кәріз құдығында 6 адам көз жұмып, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Жоламан ауылында орналасқан «Aqtogai Milk» ЖШС аумағында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған.

«Шақыру 20 шілде күні сағат 12:01-де Ақтоғай ауданы Жоламан ауылындағы ЖШС-тердің бірінен түсті. Оқиға орнында медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның қаза тапқанын анықтады. Тағы бір 1988 жылғы ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.|

1988 жылы туған пациент орташа дәрежедегі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылды. Ол қажетті медициналық көмекті алуда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий