Павлодар облысында жер сілкінді
Павлодар облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні Астана уақыты бойынша сағат 11:28-де жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 км. жерде Павлодар облысында орналасқан. Жер сілкінісінің координаттары: 50.47 с.е. 76.47 ш.б Тереңдігі – 30 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7. Жер сілкінісінің қуаты Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылында 2 балл болды», – деп хабарлайды ТЖМ.
Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметіне сүйенсек, жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,5 баллды құраған. Оның эпицентрі Екібастұздан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде және Павлодардан оңтүстік-батысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...