Павлодар облысында жер үй өртеніп, балалар көз жұмды
Павлодар облысындағы Ертіс ауылында жер үйде болған өрттен кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тілсіз жау туралы хабар «101» қызметіне бүгін таңғы сағат 08:33-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минутта жеткен. Олар келген кезде жер үй толығымен отқа оранған: жиһаз, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып, қою түтін шыққан.
«Қиын жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан-ақ зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Олар кәмелетке толмаған үш баланы құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылған. Алайда, өкінішке қарай, екі бала ауруханада көз жұмды», – деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...