Павлодарда билік өкіліне қол көтерген атақты балуан сотталды

15.12.2025 14:57 Арман Ермеков Арман Ермеков
Павлодарда билік өкіліне қол көтерген атақты балуан сотталды
0
328
Фото: olympic.kz

Спорт әлемінде есімі елге танымал тұлға, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты сот үкімі шықты. Павлодар қалалық соты билік өкілдеріне қол көтеріп, күш көрсеткен атақты спортшыны бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес оқиға 2025 жылдың 17 қыркүйегінде орын алған. Дәулет Шабанбай Павлодар қаласындағы дәмханалардың бірінде ішімдік ішкен соң вокзал маңында серуендеуді ұйғарады. Қайтар жолда оны 5512 әскери бөлімінің сарбаздары тоқтатып жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді сұраған.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы жанжалдың қалай өрбігенін баяндап берді. Прокурордың айтуынша айыпталушы былапыт сөздер айтып жәбірленуші Әлиевтің иық тұсынан аяқпен тепкен. Олимпиада жүлдегері мұнымен шектелмей өзінің физикалық басымдығын пайдаланып екінші сарбаз Мергембаевтың оң көзінен жұдырықпен ұрған. Артынша Әлиевтің бетіне қайта соққы жасаған.

Нәтижесінде құқық бұзушы оқиға орнында ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот процесінде спортшы өз кінәсін толық мойындап жазаны жеңілдетуді сұрады. Алайда прокурор оны төрт жылға қамауды сұраған болатын.

Істі қараған судья Айгүл Ахметова ақырғы шешімді жариялады. Сот үкімімен Дәулет Шабанбай 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий