Павлодарда ер адам кішкентай баланы зорлаған

18.12.2025 20:57 Берік Арманов Берік Арманов
Павлодарда ер адам кішкентай баланы зорлаған
0
85
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық жасағады деп айыпталған М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Іс сотта жабық форматта қаралды. Бұл шешім істің ерекшеліктеріне байланысты қабылданған. Сот барысында айыпталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сондай-ақ сараптамалар қорытындылары және өзге де зерттелген дәлелдермен толық дәлелденді.

Аталған қылмыс аса ауыр санатқа жатады. Заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Істің барлық мән-жайын ескере отырып, сот айыпталушыға 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеледі. Сонымен қатар сот оны өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий