Павлодарда істі болған басшының орнына жаңа бастық тағайындалды

17.02.2026 09:51 Арман Ермеков
Павлодарда істі болған басшының орнына жаңа бастық тағайындалды
108
Абиханов Руслан Жетпісбекович. Фото: ddopavlodar

Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа бастық келді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы бұйрығымен полковник Руслан Абиханов Жетпісбекович Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Ашық дереккөздерде Абиханов туралы мәлімет аз кездеседі. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерге сүйенсек, ол бұған дейін Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары және Жетісу облысындағы департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, жаңа басшы бұл қызметке дейін осы орында отырған Бекзат Оразовтың орнына келіп отыр. Ведомствоның бұрынғы басшысына қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аймақтық департаменті лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қорғаныс министрінің тапсырмасымен жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесінде подполковник Оразов 6 ақпан күні қызметінен шеттетілген болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий