Павлодардағы әуе апатынан аман қалған ұшқыштың жағдайы белгілі болды
Павлодардағы әуе апатынан аман қалған ұшқыш жансақтау бөлімінде жатыр
Павлодар облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауынан аман қалған ұшқыштың жағдайы ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, ер адам Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.
– Алғашқы тәулікте науқастың жағдайы ауыр деп есептеледі. Бұл – медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілетін бақылау кезеңі. Дәрігерлер оның жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр, – деп хабарлады аурухана өкілдері.
Еске салайық, 27 мамыр күні таңертең Павлодар облысының Железинка ауылы маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Қазір тиісті қызметтер тергеу жұмыстарын жүргізіп, апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...