Песков Эр-Риядтағы келіссөздердің нәтижесі Путинге баяндалатынын айтты

Ресей мен АҚШ бүгін Украина дағдарысын шешу бойынша келіссөздер өткізіп, Қара теңіздегі кемелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ РИА НОВОСТИ арнасына сілтеме жасап.
Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, бұл мәселені көтерген АҚШ президенті Дональд Трамп болған, ал Ресей басшысы Владимир Путин ұсынысқа келісімін берген.
Песковтың айтуынша, екі ел Украина мәселесін реттеу бойынша әлі де көптеген аспектілерді талқылауы тиіс. Эр-Риядтағы келіссөздердің нәтижесі президент Путинге шұғыл хабарланатын болады.
Сонымен қатар, Песков Ресейдің Украинадағы энергетикалық нысандарға соққы бермеу туралы келісімді сақтап отырғанын атап өтті. Путин әскерге басқа тапсырма берген жоқ, бірақ Кремль Киевтің энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарын мұқият бақылауда ұстап отыр.
Песков сондай-ақ Путиннің Трампқа оның портретін сыйлағанын растады. Бұл Ресей президентінің америкалық әріптесіне жасаған жеке сыйлығы болған.
«Мен сіздерге айта алатыным — бұл президенттің өз американдық әріптесіне толығымен жеке сый ретінде берген сыйлығы», — деді Кремль өкілі.
«Бұл сыйлық жеке болғандықтан, біз оған қатысты қосымша ақпарат бергіміз келмейді. Егер президент оны өз еркімен және қажет деп тапса, кейінірек өзі айтып береді», — деп қосты Песков.
Дүйсенбі күні Владимир Путин Кремльде Краснодар өлкесінің губернаторы Кондратьевті қабылдап, халықаралық деңгейде тағы бір телефон арқылы келіссөз өткізуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





