Петропавлда 3 адамды өлтіріп, өртеп жіберген ер адамға үкім шықты

Петропавлда 3 адамды өлтіріп, өртеп жіберген ер адамға үкім шықты
13.05.2025 11:48
0
74
Фото: freepik.com

Петропавлда резонанстық қылмыстық іс бойынша қайта өткен сот талқылауы аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

27 жастағы Александр Канищев азаматтық некедегі әйелін, оның бір жасар қызын, сондай-ақ өзінің туған інісін өлтірді деп айыпталды. 

Еске салайық, қанды қылмыс 2023 жылдың 25 қыркүйегінде болған. Петропавлдағы Береке ықшам ауданында орналасқан жеке үйлердің бірінде өрт шығып, жас келіншек пен екі баланың мәйіті табылды, Сол түні өрттен тек Александр Канищев қана аман қалған.Бастапқыда ер адам зардап шегуші ретінде саналған. Бірақ кейінірек ол кісі өлтірген және қасақана өрт қойған деген күдікпен ұсталды.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға болған күні Канищев жұмыстан оралып, демалып жатады. Ол балалардың шуынан оянып кетіп, оларды ұра бастаған. Ал азаматтық некедегі әйелі балаларды қорғауға тырысты.  Кейін ер адам мен әйел арасында жанжал туындайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтірген. Ал балалар болған оқиға туралы ешкімге айтпауы үшін, оларды да өлтіріп, үйді әдейі өртеп жіберген. 

Былтыр қыркүйек айында алғашқы сот отырысы өткен. Прокурор Канищевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. Алайда сот оны ақтап шықты. Прокурорлар үкімге келіспей, апелляциялық шағым түсірді. 

Іс СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қайта қаралды. Сот отырысында прокурор ер адамның сөздерінен қайшылықтар тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан адамдардың денелері киімсіз табылған. Бұл зорлық-зомбылықтың болғанын көрсетеді.

Канищевтің өзі кінәсін мойындамады. Ол бәрін құтқаруға тырысқанын айтты. Оны анасы қорғады. Ол ұлының Алинаны жақсы көретінін айтты. 

 

Қайтыс болған Алинаның отбасы бұл нұсқамен мүлдем келіспеді. Марқұмның анасы қызы мен сотталушы арасындағы қарым-қатынас тек үш айға созылғанын айтты. Ол үйдің кездейсоқ өртенгенін жоққа шығарды. 

Тергеу барысында ер адамның 20 мың теңге ұрлағаны, 2021 жылы велосипед ұрлағаны үшін жауапқа тартылғаны айтылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий