Жамбыл облысында зейнеткер 14 жастағы немересін зорлады

Жамбыл облысында 68 жастағы ер адам немересін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жамбыл облысында әйел қайын атасы 14 жастағы қызын зорлағанын айтып, бейнеүндеу жасады.
Әйел «Не молчи» қорының көмегіне жүгінген. Оның айтуынша, қайын атасы қызына екі рет зорлық-зомбылық жасаған. Алғашқы жағдай 2024 жылдың сәуірінде болған көрінеді.
Қыздың айтуынша, атасы түнде жанына келіп, оған қолын тигізген. Қыз қорқып, бар жағдайды анасына айтқан. Анасы полицияға арыз жазады. Алайда учаскелік полиция қызметкері бұл әрекетті қылмыстық іс емес, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырғаү.
Ал 2024 жылдың маусымында 68 жастағы ер адам немересін зорлайды.
«Қыз ешкімге ештеңе айтқан жоқ. Бірақ мінез-құлқындағы өзгерістер бірден байқалды. Оқиғадан кейін ол өзіне-өзі қол жұмсауға бірнеше рет әрекет жасады. Анасы қызды асылып өлмек болған жерден тауып алды», - деп хабарлады «Не молчи» қоры.
Анасы қызын гинекологқа апарған. Сол кезде жасөспірімнің шынымен щорлық көргені белгілі болды.
Әйелдің 6 баласы бар екен. Ол балаларын жалғыз өзі асырап отыр.
«Біз бүкіл отбасымызбен ұйықтамаймыз. Түнімен кезек-кезек кезекшілікте боламыз. Үйімізді өртеп жібере ме деп қорқамыз. Менің қызым ауыр жағдайда. Тамақ ішпейді, ұйықтамайды», - деді әйел.
Қордың мәліметінше, іс алдымен дәлелдердің жоқтығынан тоқтатылып, жақында қайта жанданды. Ер адамның бұрын сотты болғаны белгілі болды.
Соңғы жаңалықтар





