Премьер: Техниканы лизингке алудың несие мөлшерлемесі 5 пайыздан аспау керек
0
312
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизельге өтінім жіберіп үлгермегендерге тағы мүмкіндік берілу керектігін айтты.
Сондай-ақ, ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алқаптарындағы жемшөп дақылдарының үлесін арттыруды тапсырды.«Ақпараттық жүйе арқылы жеңілдікті дизель отынын алу үшін өтінім беруге үлгермей қалған облыс әкімдіктері мен егіншілердің тарапынан өтініштер келіп түсуде. Оларға аталған рәсімдерден өтіп, жанармай алуға мүмкіндік беру керек. Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен облыс әкімдіктері арзандатылған отынның бөлінген көлемін жеткізуді бақылауға алып, операторлардың оны дер кезінде тиеп-жөнелту жұмыстарын қамтамасыз етуге тиіс», - деді Премьер-министр.
«Су ресурстары министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерді суармалы сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері және «Бәйтерек» холдингі 1-ші мамырға қарай ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыруға қаражат бөлсін. Оның түпкілікті қарыз алушы үшін ставкасы 5%-дан аспауға тиіс. Бұл ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қосымша серпін береді. Қаржы, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері заманауи агротехнологияларды сақтауды ынталандыру мақсатында 1-ші маусымға дейін тиісті субсидиялар бөлу мәселесін шешуге тиіс», - деді Үкімет басшысы.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
16.12.2025
22:23
"Үлкен той болады": Жанболат пен Жазира болашақ...
16.12.2025
21:38
Димаштың қарындасының видеосы қызу талқыға түсті
16.12.2025
20:28
Боксшы сыйлыққа алған көліктерін сатуға көшті
16.12.2025
18:59
Ресейде жасөспірім мектепке шабуыл жасап, оқушы...
16.12.2025
17:52
Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік...
16.12.2025
17:10
Сауд Арабиясында биыл 340 адам өлім жазасына ке...