«Премьера алдында...жоспарлары сәтті шыққан»: Тұрсынбек пен Мөлдірдің ажырасқанына журналист күмән білдірді 

03.11.2025 11:55 Әсел Мұрат
«Премьера алдында...жоспарлары сәтті шыққан»: Тұрсынбек пен Мөлдірдің ажырасқанына журналист күмән білдірді 
0
395

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әйгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанның ажырастым деген сөзіне күмән білдіреді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Журналист бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Егер мен «Назаравтың әпкесінен» ажырасу туралы куәлігін көрсетуін сұрасам, ол шынымен көрсетер ме еді? Күмәнім бар. Сот қашан өтті екен? Олардың бес баласы бар, соның кемінде үшеуі — кәмелетке толмаған. Демек, сот шешімімен алимент тағайындалуы тиіс қой. Өз басым олардың ресми түрде ажырасқанына сене алмаймын. Фактілерді жақсы көретін адам осы құжатты «дәлел» ретінде көрсете ме екен?», - деп жазды журналист.


Әбенованың жазуынша, қазір бүкіл желі әзілкештің жылаған әйелі туралы жазбаларға толып кетті. Басқа тақырыпқа назар аудару мүмкін емес.

«Қарап отырсам, олар онша дарынсыз актер мен сценарист емес сияқты. Премьера алдында халықтың назарын өздеріне аударып, отбасы төңірегінде дау туғызуды әдемі ойластырыпты. Айтпасқа болмайды — жоспарлары сәтті шыққан. Миллиондаған жанның сезімі мен эмоциясын манипуляциялау арқылы адамдар ақша табуды жақсы меңгеріпті», - деп жазды журналист.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий