Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
Бүгін Мемлекет басшысы ғылымға еңбегі сінген ғалымдарды марапаттау барысында жаңа орден енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы. Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді, - деді Президент.
Сондай-ақ ол жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет екендігін айтты.
Мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың сөзінше, «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар