Президент Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады
Мәди Такиев:
мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы І тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берді;
өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берді;
бюджетті басқару тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған шаралар жаңа Бюджет кодексіне енгізілген;
салықтық-кедендік әкімшілендіру ісіндегі жаңа бастамаларды таныстырды;
Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Жобаның жүзеге асырылуы өткізу мүмкіндігін 6 есеге дейін ұлғайтып, өту уақытын 2 есе қысқартуға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын тексеру ісін тәулік бойы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Барлық өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр;
мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жоспары жөнінде айтты. «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасында сатып алу рәсімдерін жеңілдету және бюрократиядан арылту, құрылыс нарығында монополияға жол бермеу, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымның сатып алуларын бірыңғай платформаға көшіру көзделген.
Президент мемлекеттік қаржының жағдайын жақсарту, атап айтқанда, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларын цифрландыру арқылы жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...