Президент "Google"-да қызмет атқаратын қазақ қызын елге шақырды
0
413
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін АҚШ-қа арнайы барды. Іссапар барысында Microsoft, Coursera, StartX, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix секілді ірі компания басшылары және АҚШ-тағы қазақ жастарымен кездесу өткізді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Жастармен кездесу барысында Президенттің "Google" компаниясында қызмет атқаратын қазақ қызмен жүргізген сұхбаты ел назарына іліккен.
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде компьютер саласынан бакалавр дәрежесін алып, 2018 жылы Сан-Францискоға келдім. Бірқатар стартап компанияларда жұмыс істедім. Бүгінде "Google" компаниясында виртуалды машиналар бағдарламашысы болып келемін, - деді жас маман.Ел президенті қазақ қызынан "Google" компаниясындағы қызметінің ұзақ не қысқа мерзімді екендігін сұрай келе:
-Елге қайтып келсеңіз сізді көмекке шақырамын. Байланыста боламыз ғой, енді. Америка деген жақсы, бірақ қызметіңізді Қазақстан мүддесіне істеңіз, - деп жауап қатады.Естеріңізге сала кетейік, ел басшысы АҚШ-та энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ортаға салып, екіжақты келісөздер жүргізіп жатыр.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
16.12.2025
22:23
"Үлкен той болады": Жанболат пен Жазира болашақ...
16.12.2025
21:38
Димаштың қарындасының видеосы қызу талқыға түсті
16.12.2025
20:28
Боксшы сыйлыққа алған көліктерін сатуға көшті
16.12.2025
18:59
Ресейде жасөспірім мектепке шабуыл жасап, оқушы...
16.12.2025
17:52
Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік...
16.12.2025
17:10
Сауд Арабиясында биыл 340 адам өлім жазасына ке...