Қостанайда зейнеткер алаяқтарға 4 млн теңгесін аударып жібере жаздады

Қостанайда зейнеткер алаяқтарға 4 млн теңгесін аударып жібере жаздады
Фото: Қостанай полициясы

Қостанай қаласы полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында 73 жастағы жергілікті тұрғын 4 миллион теңге көлеміндегі қаржысын алаяқтарға аударудан аман қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

«102» пультіне қарт ананың интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, ірі көлемдегі қаражатты белгісіз біреулерге жөнелтпекші болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту бойынша көрсетілген мекенжайға шұғыл жеткен тәртіп сақшылары зейнеткерді банкомат жанынан тапты. Әйел дәл сол сәтте ақшаны қаскөйлердің шотына аударуға әрекеттеніп жатқан.

Полицейлер дер кезінде араласып, транзакцияны тоқтатты. Осылайша, 4 миллион теңге иесінің қолында қалды.

Оқиғадан кейін тәртіп сақшылары зейнеткерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазіргі уақытта жиі кездесетін интернет-алаяқтық тәсілдері мен қаржылық қауіпсіздік ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу