Президент немересінің қақпашы екенін айтты

Президент немересінің қақпашы екенін айтты
Бейнеден кадр
Президенттің немересі футбол ойнайды

Президент немересінің футбол ойнайтынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің ашылуында жас футболшылармен әңгімелесіп, олардың армандары туралы сұрады. Солардың бірі кәсіби футболшы болып, ел намысын қорғауды қалайтынын айтты.

Мұны естіген Президент өзінің немересінің де футболмен айналысатынын бөлісті:

«Немерем футбол ойнайды. Голкипер», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жастардың спортқа қызығушылығын жоғары бағалап, олардың армандарына сену керектігін атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу