Президент Саида Мирзиёевамен маңызды кездесу өткізді

21.06.2026 14:40 Қарақат АСЫЛОВА
Президент Саида Мирзиёевамен маңызды кездесу өткізді
252
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық серіктестікті талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Кездесу барысында Президент Саида Мирзиёеваның Астанаға сапары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел президенті әкімшіліктерінің өзара байланысын күшейту Орталық Азиядағы тұрақтылық пен өңірлік ықпалдастықты нығайтуға ықпал ететінін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан мен Өзбекстан өңірдегі жетекші мемлекеттер ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, реформаларды табысты жүзеге асыруға мүдделі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанына тоқталды. Сондай-ақ Өзбекстанның цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады.

Президент әлемде жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып жатқанын айтып, Қазақстанның да осы үдерістен қалыс қалмауы қажет екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдап, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий