ПРЕЗИДЕНТ ӨСКЕМЕН ТИТАН-МАГНИЙ КОМБИНАТЫНА БАРЫП 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
0
392
Мемлекет басшысы «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамындағы өндіріс жұмыстарының жай-күйімен және кәсіпорынның даму перспективасымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Комбинат шикізат өндіруден бастап одан дайын өнім алуға дейінгі өндірістің бүкіл циклын қамтитын кеуекті титан, титан құймалары мен қорытпаларын шығаратын әлемдегі біртұтас кәсіпорындардың бірі саналады. Өндіріс құрылымы 5 негізгі және 6 қосалқы цехтан, сондай-ақ еншілес әрі бірлескен кәсіпорындардан тұрады. Әлемдегі титан нарығының 11 пайызы Қазақстанға тиесілі, ал аэроғарыш саласындағы титанның 20 пайыздан астамын біздің ел қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысына комбинат өнімін Airbus, Boeing, TIMET, ATI, Safran, UKAD, Pratt&Whitney, General Electric, Dynamet, Howmet, POSCO, Baoti, MIDHANI секілді әлемдік ірі компаниялар сертификаттағаны туралы баяндалды. Қазақстан титаны кеме жасау ісінде, энергетика, аэроғарыш салаларында, мұнай-газ кәсіпорнында және медицинада кеңінен пайдаланылады. Өнім АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Оңтүстік Кореяға, Үндістанға және Қытайға экспортталады. Алдағы он жылда комбинат жалпы сомасы 207 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс цехтарын аралап көріп, комбинат жұмысшыларымен әңгімелесті. – Бұл комбинат көптеген өлшем бойынша озық мекеме саналады. Заманауи құралдармен жабдықталған. Қазақстан титан өндірісі бойынша әлемдік нарықта жетекші орын алады. Еліміз үшін мұндай кәсіпорындар өте қажет. Жұмыстарыңыз табысты болсын, – деді Президент.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
16.12.2025
22:23
"Үлкен той болады": Жанболат пен Жазира болашақ...
16.12.2025
21:38
Димаштың қарындасының видеосы қызу талқыға түсті
16.12.2025
20:28
Боксшы сыйлыққа алған көліктерін сатуға көшті
16.12.2025
18:59
Ресейде жасөспірім мектепке шабуыл жасап, оқушы...
16.12.2025
17:52
Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік...
16.12.2025
17:10
Сауд Арабиясында биыл 340 адам өлім жазасына ке...