Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы: 2023 жылғы жоспар тек 73% орындалған
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында вице-министр Нұркен Шарбиев орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің дамуы туралы баяндады.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша өткен жылы 340 млн. дана көшет отырғызылғаны атап өтілді, бұл жылдық жоспардың 73%-ын құрайды.
Тиісті жұмысты Ақмола (83%), Ақтөбе (66%), Павлодар (5%), Қарағанды (12%), Қостанай (45%), Қызылорда (82%) және Солтүстік Қазақстан (77%) облыстары, сондай-ақ «Семей орманы» (47%), «Бурабай» МҰТП (42%), «Жасыл Аймақ» РМК (76%) кәсіпорындары жүргізген жоқ.
Өткен жылғы жоспарлардың орындалмауы қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан орман тұқымдарын жинау және отырғызу материалын өсіру бойынша 2021 жылғы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеуден болды. Бұл өз кезегінде өткен жылы отырғызу материалымен қамтамасыз етілуіне әсер етті.
Осы себептерге байланысты биыл және келесі жылы да жоспардың толық орындалмай қалу қаупі бар.
2024 және 2025 жылдары орман отырғызу жұмыстарын орындау үшін, 2023 жылы жоспардың орындалмауын ескере отырып, Сексеуіл егуді есептемегенде 712 млн. дана көшет қажет. Шын мәнінде, орман шаруашылықтары өз питомниктерінде ең көп дегенде 242 миллион дана көшет өсіре алады. Бұл — қажетті мөлшердің 34%-ы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...