Путин: Еуропамен соғысуға дайынбыз

02.12.2025 22:40 Берік Арманов
Путин: Еуропамен соғысуға дайынбыз
0
47
Фото: Kremlin.ru

"Ресей Еуропа елдерімен соғысуды көздеп отырған жоқ, бірақ Еуропа соғыс бастаса, Мәскеу «қазір-ақ» дайын" деді РФ президенті Владимир Путин. Ол сондай-ақ мұндай сценарий жағдайында «келіссөз жүргізетін ешкім қалмайтын» жағдай тез туындауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ол сейсенбі, 2 желтоқсанда, журналистерге мәлімдеді.

Ресей басшысы Еуропа АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуіне кедергі келтіріп отырғанын атап өтті.

Путиннің сөзінше, Брюссель Ресей үшін қабылдауға болмайтын талаптарды бейбіт жоспардың бір бөлігі ретінде ұсынып отыр. Сонымен қатар, оның айтуынша, Еуропа өзі-ақ келіссөздерді жүргізуден шеттеп қалған.

«(Еуропада — ред.) Ресейге стратегиялық жеңіліс келтіру тезисін қару етіп алып, әлі күнге дейін сол иллюзиямен өмір сүріп отыр… Оларда (Украина бойынша — ред.) бейбіт күн тәртібі жоқ. Олар соғыс жағында», — деді Путин.

Ол Еуропаның келіссөздерге қайта оралуы мүмкін екенін, бірақ ол үшін «жерде қалыптасқан жағдайдан» шығу керектігін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий