Путин мен Трамп келіссөздерінің негізгі нәтижелері
1069
19 наурызда 175 әскери тұтқын алмасуы жоспарлануда
Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы Украинадағы жағдай мен бейбіт келісімге келу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Келіссөздің негізгі тақырыптары:
- Украинадағы 30 күндік бітімгерлік: Ресей басшысы Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасамауға келісім берді.
- Әскери тұтқындар алмасу: 19 наурызда 175 украин сарбазы 175 ресейлік әскерилерге айырбасталмақ. Бұған қоса, Ресей Украинаға 23 ауыр жарақат алған сарбазды қайтаруға ниетті.
- Украинаға әскери көмекті тоқтату: Ресей АҚШ пен Батыс елдерінен Украинаға қару-жарақ пен барлау мәліметтерін беруді доғаруды талап етті.
- Қара теңіздегі қауіпсіздік: АҚШ пен Ресей теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында техникалық келіссөздер жүргізуге келісті.
- Ядролық қауіпсіздік: Путин мен Трамп ядролық қаруды таратпау мәселесін де көтерді.
Сонымен қатар, тараптар АҚШ пен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктерін қарастырды. Путиннің ұсынысымен НХЛ мен КХЛ арасында хоккей матчтарын ұйымдастыру бастамасы көтерілді.
Президеттер болашақта тұрақты байланыста болуға келісті.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...