Путин Қазақстанға жолбарыс сыйлады

27.05.2026 13:08 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Путин Қазақстанға жолбарыс сыйлады
299
Фото: Кремль

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Хабаровск өлкесінен ауланған төрт Амур жолбарысы арнайы рейспен елге жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ресей басшысының «Егемен Қазақстан» басылымында жарияланған мақаласына сүйенсек, бұл қадам биологиялық әралуандықты қорғау аясындағы әріптестік пен қазақстандық тараптың өтініші негізінде жүзеге асқан.

«Әріптестігіміздің тағы бір маңызды саласы – экология және биологиялық әралуандықты қорғау. Қазақстандағы достарымыз Амур жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіруге көмек көрсету туралы өтініш айтқан еді. Осыған орай біздің тиісті мекемелеріміз кейінгі бір жыл ішінде нақты жұмыс жүргізді. Хабаровск өлкесінде екі жолбарыс және оның екі күшігі арнайы ауланды. Жануарлардың жағдайы мұқият тексерілген соң «Аэрофлот» рейсімен Қазақстанға жеткізілді. Қазір екі елдің ғалымдары Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығында бұл жануарларды жергілікті жерге бейімдеу үшін бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Жақын арада жолбарыстар табиғи ортасына оралады», – деді Владимир Путин.

Айта кетейік, 27–29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен өтетін бұл мемлекеттік сапар барысында Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы бойынша келісімге қол қойылып, ресейлік мұнайдың еліміз арқылы Қытайға транзитін көбейту мәселелері талқыланады.

Войдите, чтобы оставить комментарий