Путиннің сапары алдында. Лавров Астанаға келеді
29 сәуірде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және әріптесі ҚР СІМ министрі Ермек Көшербаевпен кездесу үшін Астанаға екі күндік сапармен келеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ресейлік ведомствоның мәліметінше бұл келіссөздерде жоғары деңгейдегі байланыстарды ескере отырып екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын нығайту мәселелері талқыланады. Саясаттанушы Марат Шибутов RTVI арнасына берген сұхбатында дипломаттың бұл сапары мемлекет басшыларының алдағы кездесуіне тікелей дайындық екенін айтып түсіндірді.
«Сергей Лавров мамыр айында өтетін Владимир Путиннің Қазақстанға сапарын дайындап жатыр, сыртқы істер министрінің мұндай алдын ала келуі қалыпты тәжірибе», - деді Марат Шибутов.
Ресей басшысы мамыр айының соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін елімізге келмек. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения басшылары кіретін ұйымның басты басқарушы органы саналатын бұл жиын биылғы Қазақстанның одаққа төрағалық етуі аясында ұйымдастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар