Пышақ ұстаған ер адам балабақшаға басып кірді
Бугуруслан қаласында балабақшаға жасалған шабуыл кезінде ғимаратта күзет болмаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Балаларды қорғау үшін тәрбиеші өз өмірін қатерге тігіп, қаскүнемге қарсы тұрған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қолында пышағы бар ер адам алдымен домофоны бар сыртқы есікті бұзып кірген. Қызметкерлер дабыл түймесін басқаннан кейін ол ішкі есікті де сындырып, ғимаратқа енген. Сол сәтте балабақша ішінде тек бір топ бала, тәрбиеші және күтуші ғана болған.
Қаскүнем балабақша қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсеткен. Балаларды қорғауға тырысқан тәрбиеші Лия Галеева пышақты тартып алу кезінде қолынан жарақат алған. Оның қолында бірнеше кесілген жара бар екені хабарланды.
Балабақша қызметкерлері бөгде адамның есікті бұзып жатқанын байқаған сәтте бірден дабыл жүйесін іске қосқан. Росгвардия қызметкерлері жедел жетіп, ер адамды ұстап, полицияға тапсырды. Күдікті өз әрекетінің себебін түсіндіре алмаған, себебі қатты мас күйде болған.
Соңғы жаңалықтар