«Қалай қаласа, солай пайдаланды»: Назарбаев туралы күтпеген ақпарат тарады

18.02.2026 11:53 Мөлдір Талғат
«Қалай қаласа, солай пайдаланды»: Назарбаев туралы күтпеген ақпарат тарады
177
Фото: коллаж politico.kz

Соңғы уақытта Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер қайтадан айтыла бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Сол кезеңдегі кейбір депутаттардың пікірінше, Конституциялық соттың қызметіне саяси ықпал болған.
Бұрынғы депутаттардың айтуынша, сол кездегі Конституциялық сот төрағасы, белгілі заңгер-ғалым Мұрат Баймаханов Назарбаевтың ықпалына түскен. Олар Конституциялық соттың 11 мүшесінің жартысынан көбі экс-президенттің мүддесін қолдады деп санайды.

«Назарбаев Конституциялық сотты қалай пайдаланды?» деген сұраққа бұрынғы депутат Амалбек Тшанов:
«Қалай қаласа, солай пайдаланды. Өзіне қажетті адамдарын орын-орындарына тағайындап қойды», – деп жауап берген.

Айта кетейік, профессор Мұрат Баймахановты Конституциялық сот төрағалығына 1993 жылы таратылған, Серікболсын Әбділдин басқарған Жоғары Кеңес бекіткен. Оған дейін ол негізінен ғылыми қызметпен айналысқан.

Амалбек Тшанов оның мінезіне қатысты да пікір білдірген:

«Ол кісі өте жуас адам. Өзіндік “иә” деген пікірі жоқ. Қалай десе, солай кететін адам ғой… Оған айтылды да, Жоғары Кеңестің пікірін де естіді. Бірақ солай шешім қабылдады», – деген.

Сондай-ақ бұрынғы депутат Ғазиз Алдамжаров та өз естелігімен бөліскен. Оның сөзінше, Назарбаев жеке кездесуде өзіне қолдау сұраған:

«Назарбаев жұмсақ сөйлей біледі. Маған да: “Ғазизжан, осы мен тірі тұрсам, маған көмектессең, менің қасымда боласың. Менің көтерілгенім – сенің көтерілгенің” деп айтты. “Өле-өлгенше менің қасымда туғанымдай боласың. Тек маған көмектес, жақсы дауыс алып бер” деді», – деп түйіндеді Ғазиз Алдамжаров.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий