"Қамқоршым еді": Құлаған тікұшақта болған сарбаздың анасы ұлын іздеуде

28.07.2025 16:50
0
602
Коллаж: POLITICO.KZ

Сорбұлаққа құлаған тікұшақта болған сарбаз Бахтияр Ержігітовдың анасы ұлын іздеуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасы маңында жоғалған әскери тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Көзі жәудіреген Бахтияр Ержігітовтің анасы сол маңнан алыстамай, үміт пен үрейдің ортасында жүр.

Жоғалған тікұшақта болған үш сарбаздың бірі 32 жастағы Бахтияр Ержігітов. Павлодар облысының тумасы, жалғыз ұл, отбасындағы тірек, екі балалы төрт жастағы ұл мен екі жасар қыздың әкесі.

Сарбаздың анасы да қазіргі уақытта оқиға орнында, Сорбұлақ маңында жүр. Ол басынан өткен ауыр сәттерді көзіне жас алып баяндап берді.

– Не айтарымды білмеймін. Жүрегім ауыр соққан суық хабар жетті. Шымкенттен балам командировкадан келе жатқанда жете алмай қалды. Қасында екі серігі өзімен қатарлас жауынгерлер болған. Ержігітов Бахтиярдың анасымын. Балам өте ақкөңіл, аузын ашса жүрегі көрінетін, сондай кішіпейіл, қамқоршым, беткеұстар еді. 25-і хабар келді, 26-сында бірден осында келдім, – деді ол дірілдеген дауысымен.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 25 шілде күні таңертең Eurocopter EC-145 үлгісіндегі әскери тікұшақпен байланыс кенеттен үзілген.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары тәулік бойы, ауада да, құрлықта да, су астында да жүргізіліп жатыр. 

Бейне: Qumash арнасы

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий