«Қанды қол қасапшы»: Журналист Әлнұр Мұсаевтың өткенін еске салды

16.03.2026 13:04 Арман Ермеков
«Қанды қол қасапшы»: Журналист Әлнұр Мұсаевтың өткенін еске салды
371
Фото: Ашық дереккөз

Белгілі журналист, «Elmedia» жобасының негізін қалаушы Гүлжан Ерғалиева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевтың қазіргі билікті сынап, өзін «саяси сарапшы» ретінде көрсетуіне қатысты өте өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист өз жазбасында Мұсаевқа басымдық бере отырып, оны «мемлекеттік қылмыскер» және «қасапшы» деп атады. Ерғалиеваның айтуынша, кезінде саяси оппоненттердің көзін жойып, оппозицияны аяусыз жаныштаған адамның бүгінде Тоқаевты әлсіздігі үшін сынап, саяси тұтқындарға жаны ашығансуы – нағыз екіжүзділік.

«Рахат Әлиевтің тәлімгері болған бұрынғы қасапшы Мұсаев 1997 жылы Назарбаевтың күйеубаласымен бірігіп, экс-премьер Әкежан Қажыгелдин қызметтен кеткеннен кейін оны тікелей қудалаумен айналысты. Ал 2006 жылы киллер Ибрагимовтың түсініктемесі бойынша, Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігін ұрлап әкетіп, атып тастауға тікелей бұйрық берген осы Мұсаев болатын. Енді келіп, өзі ол жерде мүлдем болмағандай, қазіргі режимді оппозицияны қудалағаны үшін ұялмай айыптап отыр», – деп жазды Гүлжан Ерғалиева.

Бұдан бөлек, Ерғалиева Мұсаевтың Рахат Әлиев дәуірлеп тұрған шақта оның үйіне қарақшылар жіберіп, отбасын өліспей-беріспейтіндей етіп сабатып тастағанын еске салды. Сонымен қатар, ол 2007 жылы Нұрбанк топ-менеджерлері Тімрәлиев пен Хасеновтің ұрлануына, азапталуына қатысқанын және олардың денелері әк салынған бөшкелерде жатқанын біле тұра, көп жыл үндемей келгенін айтты.

«Отанында ауыр қылмыстары үшін 40 жылға сотталған Назарбаевтың бұрынғы чекисі, Қазақстан мен Австрия арнайы қызметтерінің түсініксіз келісімдерінің арқасында міне 20 жыл бойы Еуропада қолтиместей болып отыр. Ол Назарбаев элитасы мен оның отбасының қылмыстары туралы көп нәрсені біледі, өйткені өзі сол қылмыстарды ұйымдастырушы әрі тікелей қатысушысы болды. Енді ол кейбір таяз журналистердің арқасында еліміздің саясатын жетік білетін сарапшы ғана емес, судья әрі көріпкел кейпінде көрінгісі келеді. Бұл – цинизм мен пасықтықтың шегі», – дейді Ерғалиева.

Ол Мұсаевқа мінбер беріп, одан сұхбат алған журналист Динара Егеубаеваны да қатаң сынға алып, оны Назарбаев отбасының қалдықтары мен «қанды қол Мұсаевтың» беделін тазартушы деп атады.

Айта кетейік, Әлнұр Әлжаппарұлы Мұсаев (1954 жылы туған) – генерал-майор, 1997-1998 және 1999-2001 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған. Ол Рахат Әлиевтің ең жақын серіктестерінің бірі болды. 2008 жылы Қазақстан соты оны билікті басып алуға әрекеттенді, тыңшылық жасады және мемлекет мүлкін жымқырды деген айыптармен сырттай ұзақ мерзімге соттаған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий