Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тәркілеу жұмыстары жалғасуда

08.01.2025 12:35 Арман Ермеков Арман Ермеков
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тәркілеу жұмыстары жалғасуда
0
458
gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қару айналымына тосқауыл қойды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тәркілеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, заңсыз қару айналымына тосқауыл қою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.

Ведомствоның мәліметінше, екінші айналымдағы қару-жарақты сату бойынша 7 арна, ішкі айналымдағы 7 арна және қару-жарақ дайындаумен айналысатын 4 цех жойылды.

Операциялар нәтижесінде 58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Қару-жарақтардың бір бөлігі 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

ҰҚК өкілдерінің айтуынша, заңсыз қару-жарақ айналымын жою және қылмыстық топтардың жолын кесу жұмыстары жалғасады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий