Қарағанды облысында 36 метрлік хот-дог әзірленді
685
Тәуелсіздік мерекесіне орай алып хот-дог әзірленді
Қарағанды облысында Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында ерекше тағам әзірленіп, рекорд орнатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Приозерск қаласының аспаздары ұзындығы 36 метр болатын алып хот-дог дайындап, Қазақстан рекордтар кітабына енді. Бұған дейінгі рекорд 2020 жылы Астанада жасалған 31 метр 48 см хот-догқа тиесілі еді.
Алып тағамды дайындау үшін:
- 27 кг ұннан дайындалған нан,
- 15 кг тауық фаршынан жасалған сосиска,
- 15 кг ірімшік,
- 14 литр маринадталған қияр, қыша және кетчуп пайдаланылды.
Бұл рекордтық хот-догты дайындауға 9 адам қатысқан. Олардың барлығы жергілікті санаторийлер мен кафелерде жұмыс істейтін аспаздар.
Приозерск тұрғындары ерекше тағамды дайындау арқылы Тәуелсіздік мерекесін атап өтуге үлес қосты. Еске сала кетсек, бұрынғы рекорд та дәл осы мерекеге орай әзірленген болатын.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды