Қарағанды облысында екі мотоцикл жол апатына түсті: қаза тапқандар бар
Қарағанды облысында екі мотоцикл жол апатына түсіп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жол апаты 16 сәуір күні кешкі сағат 21:00 шамасында Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі мотоцикл бір бағытта келе жатқан.
Салдарынан мотоциклдердің 37 және 17 жастағы жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Полиция барлық жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты шектен асырмауға және өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Әсіресе, мотоцикл жүргізушілеріне қорғаныс құралдарын (шлем және арнайы жабдық) міндетті түрде пайдалану қажеттігін ескертеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...