Қарағанды облысында күдікті бес жыл бойы дәретхана қуысында жасырынып келген (ВИДЕО)
1819
Қарағанды облысы полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде бес жыл бойы аса ауыр қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамның жасырынған жерін тауып, қолға түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол бопсалау қылмысы бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, ер адамның қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалауға қатысы бар. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген.
Полиция таратқан видеодан оның жер үйдің ішіндегі дәретхана қабырғасынан «тесік» жасап алып, сонда жасырынғанын көруге болады.
«Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйдің ішінде жасалды. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі», – деді Қуаныш Орынбетов.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды