Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды
772
Қарағанды облысында пойыз адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға 3 мамырға қараған түні сағат 02:03 шамасында Жаңа-Қарағанды станциясының бас жолында болған.
Бұл жағдайға қатысты көліктегі полиция департаменті пікір білдірді.
«3 мамырда абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Желіде тараған ақпаратта марқұмның жол монтері екені айтылған.
Алдын ала деректер бойынша, оқиға құрал-жабдықтарды күзету кезінде болған. Ол теміржол саласында 28 жылдан астам еңбек еткен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
18:29
Елде баға мен халықтың табысы қалай өзгерді?
13.10.2026
18:13
Мәслихат сайлауы қалай өтеді: маңызды күндер бе...
13.10.2026
17:50
Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
13.10.2026
17:28
Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі...
13.10.2026
17:18
Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2 пайызға өсті
13.10.2026
17:13
«Қап-қап ақша»: Түркістандық әжейдің үйінде күт...