Мәслихат сайлауы қалай өтеді: маңызды күндер белгілі болды

13.10.2026 • 18:13 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Мәслихат сайлауы қалай өтеді: маңызды күндер белгілі болды
198
Фото: inbusiness.kz
ЖАЛҒАСЫ

Қазақстанда 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауының күнтізбесі бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) кандидаттарды ұсыну, тіркеу, үгіт-насихат жүргізу және дауыс беру мерзімдерін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, кандидаттарды ұсыну 14 қазанда басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады. Осы аралықта азаматтар өзін-өзі де ұсына алады.

Ал саяси партиялардың тізімдері мен кандидаттарды тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-ге дейін аяқталуы тиіс.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 1 қарашада сағат 18:00-де басталып, 28 қарашада сағат 00:00-де тоқтайды. Одан кейін тыныштық күні жарияланады. Бұл күні сайлауалды үгіт жүргізуге болмайды.

29 қарашада сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дегенмен аумақтық сайлау комиссиялары әкімдердің ұсынысы бойынша кейбір учаскелерде дауыс беру уақытын өзгерте алады.

Сайлау қорытындысы дауыс беру өткеннен кейін 5 күн ішінде анықталуы тиіс.

Фото: ОСК
Фото: ОСК

Еске салайық, Қазақстанда 29 қарашада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Ел бойынша 228 мәслихатқа 3447 депутат сайланады. Оның ішінде 20 өңірлік мәслихатқа 668 депутат, 38 қалалық мәслихатқа 626 депутат, ал 170 аудандық мәслихатқа 2153 депутат сайлау жоспарланған.

Бұған дейін, 12 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий