Қарағанды облысындағы сұмдық қылмыс: Анасы мен қызының қазасына қатысты жаңа деректер шықты

29.03.2026 09:32 Қарақат АСЫЛОВА
Қарағанды облысындағы сұмдық қылмыс: Анасы мен қызының қазасына қатысты жаңа деректер шықты
441
Ана мен қыз жер қойнына тапсырылды

Сәтбаев қаласында қайғылы жағдайда көз жұмған ана мен оның 12 жастағы қызы жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Madeinportal.kz-ке сілтемемен.

Қайғылы оқиға жуырда ипотека арқылы пәтер сатып алып, қоныс тойын жасаған отбасының жаңа баспанасында болған. Пәтер «комфорт-плюс» санатындағы тұрғын үй кешенінде орналасқан. Әйел біраз уақыт байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдай бастаған. Бір тәуліктен кейін жақындары пәтерге келгенімен, есік ашылмаған. Құлыпты бұзып кірген кезде үй ішінен әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылған.

Алдын ала бейресми ақпаратқа сәйкес, олар оқ жарақатынан көз жұмған.

Құрылыс компаниясының өкілі Әлібек Өміржанның айтуынша, бұл отбасы айналасындағыларға үлгілі, жағдайы жақсы жандар ретінде танылған.

«Өте мейірімді, ашық-жарқын адамдар еді. Еш күмән тудырмайтын. Тұрып жатқан үй де жоғары санаттағы, мұнда көбіне ауқатты тұрғындар тұрады», – деді ол.

Жаңа үйде жөндеу жұмыстары әлі толық аяқталмағандықтан, көршілер ешқандай күдікті дыбыс немесе айқай естімеген.

Бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлері пәтерден соңғы болып марқұм әйелмен бірге тұрған ер адамның шыққанын анықтаған. Ол бірден іздеуге жарияланған. Кейін Қарағанды облысы полиция департаменті күдіктіге қатысты жаңа мәлімет ұсынды. Ресми өкіл Бақытжан Құдияровтың айтуынша, 39 жастағы ер адамның мәйіті Ақтоғай ауданы аумағында табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне тиесілі қарумен өзін-өзі атып, көз жұмған.

Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Қарағандыда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру дерегі тіркелген. Полицияның мәліметінше, қылмыстан кейін күдікті қаладан шығып кеткен. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий