Қарағандыда логопед сабақ кезінде баланы ұрып жіберген (видео)

11.12.2025 16:28 Әсел Мұрат
Қарағандыда логопед сабақ кезінде баланы ұрып жіберген (видео)
0
179
Фото: видеодан скрин

Қарағандыда логопед сабақ үстінде баланы басынан ұрған. Жағдайды бүлдіршіннің анасы баяндап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Белгілі болғандай, сабақ аяқталар кезде әкесі кабинеттегі шағын терезе арқылы баласының процесін түсіріп алған. Жазбада логопедтің баланы басынан ұрғаны анық байқалады.

«Ұлымның осы мұғалімнен сабақ алып жүргеніне 1 жыл болды. Бұл жағдайды көріп қатты таңғалдық. Сосын бірден ұлымызды алып кеттік. Логопед ештеңе түсіндіре алмады», – дейді баланың анасы. 

Әйелдің айтуынша, кейінірек логопед қоңырау шалған, бірақ кешірім сұрамаған. Ал бала жағдайды растаған. Ата-ана ол сәтті де видеоға түсіріп алыпты. 

«Бұл маманның қабылдауында балалар көп. Сабақ әр жарты сағат сайын өтеді. Күн сайын кабинетіне көп оқушы келеді. Сондықтан оқиғаны жария түрде айтамыз деп шештік. Бұл басқа ата-аналарға жасаған үндеуіміз болсын. Сосын олар жағдайды өздері бағалап, сабақты жалғастыру-жалғастырмау туралы ойланар. Десе де мұны бір жыл өткен соң ғана көргеніміз өте өкінішті. Кездейсоқ түсірілген видео тіпті ойламаған жайтты көрсетіп берді», – дейді баланың анасы.

Аталған жағдайға қатысты Қарағанды облыстық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. Полиция мәліметінше, 44 жастағы жеке логопед полиция бөлімшесіне жеткізілген. 

«Аталған дерек бойынша тексеріс басталды. Оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталды. Материал полицияда тіркелді. 44 жастағы жеке логопед мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша полицейлер оның әрекетіне құқықтық баға береді», – делінген хабарламада.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий