Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды: 3 ер адам қамауға алынды
556
Ауланы аңдып, пәтерді торыған
Қарағанды облысында бірнеше пәтер ұрлығына күдікті топ арнайы операция кезінде қолға түсті. Криминалдық полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының қолдауымен күдіктілер тұрған пәтерге басып кірген, деп хабарлайды Politico.kz.
Таратылған бейнежазбада ер адамдардың аулаларды торуылдап, кіреберістерді бақылап, пәтерлерді аңдығаны анық көрінеді. Тергеу мәліметінше, олар алдымен «нысанды» таңдап алып, кейін терезе торларын бұзып, үйге терезе арқылы кірген.
Ең шулы эпизодтардың бірі Қарағанды қаласындағы Лобода көшесінде болған. Пәтерден 40-қа жуық гауһар тасты алтын бұйым, үлбірлі қымбат тон және ноутбук ұрланған. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 20 миллион теңгеден асады.
Арнайы операция барысында 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция аса ірі мөлшердегі ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір күдіктілердің өңірдегі басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
28.07.2026
21:32
Төлеутай: Ән ұрлап, дауысы жоқ бола тұра фоногр...
28.07.2026
21:08
Екі жасар баланы аман алып қалған иттің өзі қас...
28.07.2026
20:51
"Қорыққаннан сиіп жіберетінмін". Блогер экс-күй...
28.07.2026
19:44
"Тыржалаңаш соңымнан қуатын". Қазақстандық блог...
28.07.2026
19:09
«Тірі қалуы 20%». Атыраулық ару сүйіктісінің ра...
28.07.2026
18:16
Қазақстан инвесторлар үшін ең қауіпсіз елдер ре...