«Азаптауға ұшырады»: Талғарда жоғалған Ғалымжанның денесі табылды
1437
Кінәлілер жазалана ма?
Талғар ауданында хабар-ошарсыз кеткен 27 жастағы Ғалымжан Шерзатұлының денесі туған жері Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылына апарылып, жер қойнына тапсырылды. Бұл туралы заңгер Бағдат Амандосұлы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Arasha.kz сайтына сілтемемен.
Заңгердің жазуынша, марқұмның жаназасы ауыр жағдайда өткен. Ол Ғалымжанның өліміне қатысты бірқатар мәлімдеме жасап, істің әділ тергелуін талап етті.
«Ғалымжан Талғар ауданы полициясы тарапынан азаптауға ұшырады. Бұл – жай сөз емес, жауап беруді талап ететін айып. Ақиқат ашылуы тиіс. Кінәлілер жазасыз қалмауы керек», – деп жазды Бағдат Амандосұлы.
Сондай-ақ ол бұл істің қоғам назарынан тыс қалмауы керектігін айтып, әділдік орнағанға дейін күрес жалғасатынын жеткізді.
Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты ресми органдар тарапынан нақты қорытынды жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.Марқұмның туыстары мен жақындары әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілер заң алдында жауап беруі тиіс екенін талап етуде.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
11:31
Лифтте қызға тиіскен алматылыққа сот үкімі шықты
06.10.2026
11:14
16 миллион қазақстандықтың дерегінің таралуы: м...
06.10.2026
10:54
Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
06.10.2026
10:53
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директоры...
06.10.2026
10:46
Францияда Сальвадор Дали жасаған 150 келілік қо...
06.10.2026
10:30
Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына...