Қарағандыда жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

25.02.2026 14:04 Әсел Мұрат
Қарағандыда жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
455
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде болған.

Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий