Қарағандыдағы КЛМЗ ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

26.02.2026 19:31 Қарақат АСЫЛОВА
Қарағандыдағы КЛМЗ ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді
40
Видеодан кадр
«Қазақмыс» корпорациясы ел болашағына жауапкершілік танытуға шақырады

«Қазақмыс» корпорациясының құрамына кіретін Қарағанды құю-машина жасау зауытының (КЛМЗ) еңбек ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдайтынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Құжат 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумға шығарылмақ.КЛМЗ өкілдерінің айтуынша, өндірістегі әр қызметкер тұрақтылық пен тиімділікке өз үлесін қосса, ел болашағы үшін де әр азамат жауапкершілік танытуы тиіс. Ұжым жаңа Конституция жобасы заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ елдің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.

«Біз үшін референдум жай рәсім емес, бұл азаматтық ұстанымды білдірудің нақты мүмкіндігі. Мемлекеттің болашағы әр адамның белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты», — делінген зауыт ұжымының мәлімдемесінде.

Зауыт қызметкерлері референдумға қатысу елдің құқықтық және әлеуметтік негізін қалыптастырудағы маңызды қадам екенін жеткізді. Сондай-ақ бұл бастама «Қазақмыс» корпорациясының басты құндылықтары –жауапкершілік, адалдық және ортақ іске үлес қосу қағидаттарымен үндесетіні атап өтілді.

КЛМЗ ұжымы барлық қазақстандықтарды алдағы референдумға белсенді қатысып, жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий